Алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасы қаралды
«АMANAT» партиясы алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарады.
Соған сәйкес келер жылы шығыс көлемі 24 трлн теңге шамасында болуы ықтимал. Ал трансферттерді есепке алмағанда кіріс көлемі 16,1 трлн теңге деп болжанып отыр. Бұл туралы жиында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Қазына қаражатының дені әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалады. Атап айтсақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінбек. Сонымен қатар 655 денсаулық сақтау нысанын салу және 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту жоспары бар.
Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектептің құрылысы басталады. Оған бюджеттен 1,7 трлн теңге қарастырылып отыр. Өз кезегінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ұлттық қор қаржысын тиімді пайдалану маңызды екенін еске салды.