Қаржыгер: Францияның рөлі маңызды
Франциядағы қуат көздерінің басым бөлігі атомдық энергетика екені белгілі.
Кәрі құрлықтың екінші экономикасы отандық уранға қызығып отырғаны сондықтан. Тағы Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы бойынша сұрақ әлі ашық тұр. Алдағы уақытта өтетін референдум нәтижесі бойынша құрылысқа рұқсат беретіндей шешім қабылданса, Франция өз қызметін ұсынғысы келеді. Осыған байланысты консорциум шеңберінде бір емес, бірнеше мемлекет жобаға атсалысуы мүмкін, - дейді қаржыгер Нұрғали Нұрмахамбетов.
Нұрғали Нұрмахамбетов, қаржыгер:
- Бізде энергетика жетпей жатыр ғой. Атом электростанциясын құрамыз деп отыр. Ол – өте күрделі сұрақ. Ендігі жылы референдум жақсы өтсе, кім салады деген сұрақ туындайды. Ондай технология тек 3-4 елде бар. Мысалы, Жапония, Ресей, Қытай және Франция.