Қазақстаннан Францияға экспорт көлемі өсті
Қазақстаннан Францияға экспорт көлемі биылғы 8 айда 3%-ке жуық өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Арадағы сауда көлемінің 80-90%-і қазақстандық тауардың үлесінде. Экспорт мұнай және титан есебінен өскен.
Франция – негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Былтыр бұл ел біздің тауар айналымымызда 8-ші орын алды. Ал биылғы 8 айда екі мемлекет арасындағы сауда-саттық 2,7 миллиард доллар болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21%-ке жоғары. Осылайша, биыл Франция 7-ші орынға шықты. Ал импорт көлемі қаңтар-тамызда 881,8 миллион долларды құрады.