Ресеймен өзара инвестиция тарту артады
Елімізде Ресеймен бірлескен 140 кәсіпорын бой көтереді.
Яғни 31 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Сенатор Амангелді Нұғманов қос ел басшыларының кездесуінде осындай келісім жасалатынын айтты. Бұл көршілердің өзара байланысын бекемдей түсетін бастама. Қаңтар мен тамыз аралығында тауар айналымы 17 млрд доллар шамасында болды. Жылдық меже 30 млрд доллардан асуы мүмкін дейді сенатор.
Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- РФ Қазақстан еліне 20 млрд АҚШ аса инвестиция құйды. Соңғы 3 жылда 6 млрд жоба дайын тұр. Қазақстан 2005 жылдан санасақ 6 млрд АҚШ долларынан аса инвестиция құйылған екен. 1,5 млрд соңғы үш жылдың ішінде. Оның өзі үлкен жан-жақты дамып келе жатқан мәселе деп ойлаймыз.