Ресеймен арадағы «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің маңызы артады

Ресейден біздің еліміз арқылы өтетін транзиттік тауар тасымалы былтыр үштен бір бөлікке өсті.

Болашақта Қытай бағытындағы өткізу бекеттерінің әлеуетін арттыру жоспарда бар. Жаңа нарықтардың пайда болуымен "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінің ролі де  артады дейді сала мамандары.

Ерлан Абсатов, Қазақстан көлік қызметкерлері одағының бас директоры:

- Біз қазір Ресеймен "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін дамыта аламыз. Бұл Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран және одан әрі Парсы шығанағына шығатын жол. Сонымен қатар Еуразиялық одақ Вьетнам Республикасымен серіктестікті талқылап жатқаны белгілі. Ол да біз дамытатын әлеуеті жоғары бағыт. Транспорт, сауда және өнеркәсіп,  арадағы ынтымақтастықтың басым бағыты болып саналады. Транспорттық бағыт дамыса, арадағы алыс беріс арта түседі.