Атырауда Антикор бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
«Шағын және Орта бизнес ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болуы керек» деді мемлекет басшысы.
Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі биыл "Бизнеске жол" жобасын қолға алған еді. Бүгін Атырауда бизнес өкілдерінің Агенттік басшылығымен өткен кеңесте атқарылған жұмыстар сараланды. Кейбір өтінішке заң тұрғысында түсініктеме берілді және қарау үшін, басқа құзыретті органдарға жолданды.
Жыл басынан бері агенттікке Атырау облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінен 75 өтініш келіп түсіп, оның 27-і бойынша мәселелер оң шешілді. Дегенмен мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдеріне кедергілер толық жойылмай келеді. Ол туралы бүгін мінбеге көтерілген 20 ға тарта бизнес өкілі ашына айтты.
Өмірзақ Оразов, "Агрокешен" мекемесінің заңгері:
- Агрокешен деген бар. Соның 21 жылы сенімгерлік басқаруға алғанбыз. Келісім-шарт бойынша барлық жұмыстарын орындадық жасадық. Алайда енді біздің жұмысымзға кедергі жасап кейін қарай алғысы келеді.
Кеңесте онан өзге де кәсіпкерлерді толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе жер телімдерін беру, шағын бизнес нысандарына су, газ желісін тартуда көптеген кедергілерді жойылмай отырғаны айтылды.
Саян Ахмеджанов, ҚР СЖҚІҚА превенция қызметінің басшысы:
- 150 кәсіпкер мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмысын атқарып, мемлекеттік органдардың шарты бойынша өз жұмыстарын атқарып, бірақ төлемін ала алмай жүрді. Қазіргі деңгейде біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі қаржы министрінің деңгейіне көтеріп, төлемдері өндірілді.
Жыл басынан бері қарай Атырау обылсы бойынша департаменттің араласуымен кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен 1 млрд теңге сомадағы берешек төленіп, 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды. Жалпы Жоба аясында 860-қа тарта кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалған.
Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин