Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бір күнде $100 млн-ға мәміле жасасты
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бір күнде 100 миллион долларға мәміле жасасты.
Келісімге China International Import Expo көрмесі кезінде қол қойылған. Енді көрші елдің нарығына жөнелтілетін қазақстандық тауарлар көлемі екі есе артады. Әсіресе өсімдік майына сұраныс жоғары. Өткен жылы Қытайға 122 мың тоннадан астам май жіберілген. Биыл бұл көрсеткішті 170 мың тоннаға жеткізу жоспарда.
Ядыкар Ибрагимов, Қазақстанның Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы:
- Бұл – отандық компаниялар үшін үлкен мүмкіндік. Алып нарыққа жол ашылып отыр. Биыл біз Қытайға май өнімдерінің экспортын 40%-ке дейін ұлғайтуға күш саламыз. Халықаралық көрме кезінде бір ғана май зауыттары Қытай компанияларымен 28 млн АҚШ долларына келісімшарттар жасалды.