Astana Hub технопаркінің іріктеуінен 26 стартап-жоба өтті
Биыл Астана Хаб халықаралық технопаркінің іріктеуінен 26 стартап-жоба өтті.
Кеше олардың жетекшілері 4 айға созылған оқуды аяқтап, әзірлеген бағдарламаларын арнайы шақырылған инвесторлар мен бизнес өкілдерінің назарына ұсынды. Таныстырылым соңында келісім-шарттар жасалып, оның жалпы сомасы 90 миллион теңге болды. Жалпы Астана Хабтың мұндай оқу бағдарламасы кәсіпкерлерге сенімді серіктес тауып, сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік береді.
Ербол Ахметов, "Astana Hub" бизнес-бағдарламалар офисінің директоры:
- Біз осымен үшінші топтың оқу бағдарламасын аяқтадық. Оны 2021 жылдан бері жүйелі түрде өткізіп келеміз. Бағдарламаның ұзақтығы 3-4 ай шамасында болды. Осындай тренингтер арқылы біз бизнес өкілдері мен жоба жетекшілерін қолдауға тырысамыз.