Елімізде жаңа банкнот айналымға шығады

Елімізде жаңа банкнот айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 2023 жылғы 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.

Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар – делінген банкноттың сипаттамасында.

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.