Бизнесті қорғау мәселесі талқыланды
Сотта мемлекеттік органдарды жеңген жеке тұлғалардың саны көбейе бастады.
Азаматтар жеңісінің үлесі 60 пайыздан асады. Бұрын бұл көрсеткіш 4 есе аз болатын. Мұндай деректі заңгер және депутаттармен кездескен Жоғарғы сот өкілдері мәлімдеді. Жиында саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде бизнесті құқықтық тұрғыдан қорғауға назар аударылды. Бұл үшін келесі жылдан бастап күмәнді келісімдер бойынша салық органдарының жұмыс жүйесін өзгерту жоспарлануда. Кәсіпкерлер бұл бастаманы сұрап жүргеніне көп болды дейді мамандар.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:
- Салық органдарының соттарға келіп, келісім-шартты жарамсыз деп тануыбойынша бүгін прокуратура, бизнес өкілдерімен келіскенімізбен, келесі жылдан бастап негізгі салықтық тексеру кезінде қарап, соның ішінде келісім-шарттың заңға сай, зауға сай еместігін сараптау бойынша бір тұжырымға келдік.