Қазақстан ет экспортын арттырды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл 42 мың тоннадан аса мал еті шетелге жіберілген.

Оның жалпы құны – 121 млн АҚШ доллар. Осылайша, сауда айналымының көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31,5%-ке көбейген. Еліміз негізінен етті Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге сатады. Импорт көлемі де аз емес. Қазақстан етті Үндістаннан, Бразилия мен Моңғолиядан және Аргентинадан тасымалдайды.