Елдегі инфляция қашан төмендейді?

Елде инфляция деңгейі алдағы 5 жыл ішінде біртіндеп 5%-тік дәлізге дейін төмендейді.

Ал жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 5,8% шамасында болады. Мұндай болжамды Сенаттың жалпы отырысында Экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Оның сөзінше, экономиканың барлық тармағында оң динамика байқалуға тиіс. Әсіресе шикізаттық емес сектордың тамырына қан жүгіреді. Сонымен қатар құрылыс, сауда қызметіндегі көрсеткіштер еселенеді. Ал аграрлық салада жылдық өсім 4,5%-тік межеге жетеді.