М. Әшімбаев: Субсидия тәртібі 50 рет өзгерген
Елде аграрлық салаға, еселеп қаржы құямыз. Бірақ нәтиже шамалы.
Айталық, 5 жылдың ішінде мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға 1,8 трлн теңге қаржы бөлген. Соған қарамастан елде импорт көлемі кемудің орнына 1,5 есе артып отыр. Бұл жайтты бүгін Сенаттың жалпы отырысында Мәулен Әшімбаев жеткізді. Субсидияға қатысты да шырғалаң бар. Оны алу ережесі 50 рет, ал құжат өткізу тәртібі 3 рет өзгерген. Бұл фермерлерге қиындық туғызып отыр, - дейді Сенат төрағасы. Мәулен Әшімбаев сала министріне жағдайды назарға алуды, сондай-ақ бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылауды тапсырды.