Өскемен арматуралық зауыты мен челябілік компания ынтымақтастық орнатты

Өскемен арматуралық зауыты мен челябілік «КОНАР» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейлік бұл кәсіпорын мұнай-газ секторы, кеме жасау ісі, энергетика, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы жобаларға өнім өндіреді. Уағдаластық Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың Челябі облысының губернаторы Алексей Текслермен кездесуі кезінде орнады.

Қазір Челябі облысына жасалатын импорт пен экспортта Қазақстанның үлесі 25%-ті құрайды. Бұл өңір біздің нарыққа өнім жеткізу бойынша Мәскеу қаласы мен облысынан кейін үшінші орында тұр. Былтыр екіжақты сауда айналымы 2 млрд долларға жетті. Ал биылғы 8 айда 1 млрд 200 млн АҚШ долларын құрады.