Қоғамдық қабылдау. Азаматтар қаржылық мәселесін айтты
«Аманат» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында кезекті рет азаматтарды қабылдау сағаты өтті.
Түрлі жағдайға душар болған кез келген тұрғын осы жерге келіп, өтініш білдіре алады. Бұл жолы адвокаттар мен заңгерлер, нотариус пен медиаторлардан құралған кәсіби мамандар ақыл-кеңес берді.
Қабылдауға 20 адам жазылған. Бұдан бөлек аудандардан да арыз-шағым бар.
Жандарбек Жаңабай, "Amanat" партиясының облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
- Аманат партиясы мен Республикалық нотариустың палатасы, адвокаттар, медиаторлар коллегиясы арасында жасалған меморандум бар. Соның негізінде "Құқықтық көмек" аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өтініштердің көп мәселесі қаржылық сауаттылық. Балаларды қорғау, балаларға қамқорлық. Жалпы жылдың соңына дейін қабылдауға жазылып, барлық аудандарда, қалада, облыста өткізіледі.