Газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады
Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды.
Талқылау нәтижелері бойынша Комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр.
Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:
- Тауарлы газды тасымалдау саласында заңсыз иемделінген активтерді қайтару мәселесі қаралды. Бас прокуратураның мәлімдеуінше 2021 жылы Атырау облысында жеке меншік компания газ құбырын төмендетілген бағамен және заңдылықты бұза отырып сатып алынған. Атап айтқанда ҚазақГаз Ұлттық операторының газбен жабдықтау нысандарын сатып алуға басым құқығы туралы заң нормасы бұзылған. Алдағы уақытта ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр. Осыған ұқсас жағдай қалыптасқан басқа да бірақатар кәсіпорындарда тиісті жұмыс жүргізілетін болады.