Ақтөбе облысында жол бойы сервистік қызмет орыны көбейді
Ақтөбе облысында жол бойында сервистік қызмет көрсету орындары көбейе түсті.
Тек Әйтеке би ауданы бойынша орталықтардың саны 10-ға жетіп отыр. Бұған осы өлке арқылы қатынайтын жолаушылар мен туристер легі әсер еткен. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік жолындағы кемпингтер мен қонақ үйлер ай сайын мың жарым мейманға қызмет етеді. Бұдан бөлек Ақтөбе мен Қостанай бағытында да жолаушылар нөпірі көп. Мұндай қарқын жол бойында сервистік қызметті дамытуға түрткі болып отыр. Қазірдің өзінде 3 жарым мың шаршы метр аумақта үлкен кемпинг құрылысы жүріп жатыр.
Рашид Қуанышев, кемпинг басқарушысы:
- Бұл жерде келешекте үлкен нөпір өтеді деп жатырмыз жолаушылардың, соған мүмкіндік болса, сол жолаушылардың жағдайын істеу біздің ойымыз. Туристердің енді жан-жақтан өткен. Жатын орны, тамақтың мәзірін дұрыстап, көп адам қабылдауға. Сосын біздің басты мақсатымыз сауда орталығы болса деп есептейміз. мына халыққа пайдалы, өзімізге де пайдалы. Қолжетімді қылып.