Қарағанды облысында сыйымдылығы жоғары автобус құрастырыла бастады
Қарағанды облысындағы «QazTehna» зауытында сыйымдылығы жоғары автобус құрастырыла бастады.
Ұзындығы 11 метрге жететін көліктің мыңдаған бөлшегі жергілікті жерде шығады. Автобус халықаралық стандарттарға толый сай келеді- дейді мамандар.
Бұл жерде автобустың қаңқасы құрастырылғаннан кейін оны автоматты басқарылатын құрылғы арқылы келесі цехқа жеткізеді. Бұл жерде шанақты бояу жұмыстары жүргізіледі. Мұнда барлық стандарт сақталған. Мамандар құрастыру жұмыстарын меңгеріп алғандарын айтады.
Ерғанат Несіпбек, жұмысшы:
- Дәнекерлеу бөлімінен шығарамыз, содан кейін тазалау бекеті, сол жерден тазалап, одан кейін грунтқа келеміз. Сол жерден коррозияға қарсы грунт жағылады. Сосын осы процесске түсеміз де, бәрін тазалап, ана жерде екінші қабатты грунт болады. Екінші камераға жібереміз, сол жерден боялады.
Мамандардың айтуынша, бұрын сыртта құрастырылатын бөлшектерді өзімізде жинау – машина жасау өнеркәсібіндегі ірі жетістік. Бұл зауыт ұжымының ізденісі мен біліктілігінің артқанын көрсетеді. Зауыт жұмысшүылары күніне 4 автобус құрастыруға қауқарлы. Мамандар ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етеміз- дейді.
Жарас Исабеков, шағын торапты құрастыру цехының басшысы:
- Бұл шағын торапта құрастылыра бастаған алғашқы автобустардың легі. Бұл жерде дәнекерлеу, бояудан бастап 8 мыңға жуық ұсақ-түйек бөлшектері орнатылады. Біздің мамандар осы жұмыстың барлығын үйренді. Болашақта біздің еншімізге тиесілі жұмыстар көлемі ұлғая бастайды. Жалпы Қазақстанда бұрын соңды осындай құрастыру ісі жүргізілмеген. Біздің компания өкілдері алғаш болып бастап отыр.
Алғашқы автобус Ақтау қаласына жөнелтіледі. Қоғамдық көлік автогазбен жүреді. Одан өзге дизельдік қозғалтқыш та бар. Алдағы бірер жылда тоқпен жүретін қозғалтқыштарды да іске қосу жоспарда. Бүгінде автобус құрастыруда қазақстандық үлес 36 % - ға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түспек.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар