116 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шымкентте құны 1 млрд. теңгеден асатын 116 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалалық прокуратура келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтаған еді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзды. Сондай-ақ прокурорлар пайдалы қазбаны заңсыз өндірудің 5 дерегін әшкереледі. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кеткен жөн, мемлекеттен пайдалы қазбасы бар жерлерді алғанда, жер қойнауын пайдаланушылар әлеуметтік шарттарды орындауға міндеттеледі.