Биыл өңдеу өнеркәсібі 3,4% өсті
Экономиканың өзге де секторларында өсім тіркелді.
Мысалы, биыл өңдеу саласындағы өндіріс көлемі 3,4%-ке көтерілген. Әсіресе, машина жасауда оң серпін байқалады. Бұл бағыттағы өсім 26,8%-ке жетті. Оның ішінде автомобиль жасау 40%, электр жабдықтар өндірісіндегі көрсеткіш 32%-ке көтерілген. Сонымен қатар Үкімет есебінде азық-түлік өндірісі 1,9%, металл бұйымдары 3,7%, құрылыс материалдары 4,1% және жеңіл өнеркәсіп 11,7%-ке артты.