Экономикалық өсім 4,9% болды
Ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсіп келеді.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Ресми деректерге сүйенсек, 11 айда экономиканың өсуі 4,9%-ке жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 2,7% болған. Салалар арасында сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау ең үлкен нәтиже көрсеткен. Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға дейін өсті. Сонымен қатар қарашада инфляция 10%-ға дейін баяулады. Жарты жылда 13 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Үкімет жыл қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция көлемін екі есе ұлғайтуды жоспарлаған.
2023 жылы экономикалық өсім 4,9% болды
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша тауарлар экспорты 65 миллиард долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21 миллиард долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 49 миллиард теңгені құрады. Оң сауда байланысы 15 миллиард доллардан асты. Жалпы жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5% құрайды деп болжанып отыр. Үкімет инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін белсенді іске асырып жатыр.
Бизнеске қатысты 1 мыңнан аса талап алынады
Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау шаралары жетілдіріліп, бизнес үшін 10 мың артық талап жойылды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 1 мың талап алынып тасталады. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бүгінде бұл секторда 4 миллионан астам адам жұмыс істейді. Жалпы ішкі өнімдегі шағын жәнен орта бизнестің үлесі 36%-ке жетті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.