Еліміздің әуе компаниялары жаңа ұшақтармен толығады
2024-2025 жылдары елімізден Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йоркке рейстер ашылады.
Жалпы 2025 жылдың соңына дейін біздегі әуе паркі 25 ұшақпен толығады. Мұны үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев айтты.