Петропавлдағы инновациялық жылыжай алғашқы өнімін берді
Петропавлда жақында ашылған инновациялық жылыжай алғашқы өнімін берді.
Әзірге, күніне 4-5 тонна қияр жиналып жатыр. Экологиялық таза өнім қаладағы сауда орындарына жөнелтіледі. Жылыжай импорт өнімді алмастырып, азық-түлік белдеуін қалыптастыруға септігін тигізеді дейді мамандар. Келесі жылдан бастап қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі. Аумағы 3,7 гектар болатын кешен жыл бойы жұмыс істейді. Оның құрылысына 7 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мемлекет есебінен жүргізілді.
Екатерина Асаёнок, жылыжай кешенінің директоры:
- Кешен толық қуатқа көшкенде күніне 16 тонна өнім жиналады. Яғни біз аймақта қиярмен қызанаққа деген сұраныстың үштен бір бөлігін жабамыз. Алғашқы өнім сауда сөрелеріне шықты. Оның құны нарықтағы бағадан екі есеге арзан. Жалпы жаңа жылыжай өңірде бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.