Алматыда ауылды көркейтуге үндейтін кәсіпкерлік тренинг өтті
Сіз туған жерге қаншалықты үлес қосып жүрсіз?
Алматыда бас қосқан кәсіпкерлер осы сауал төңірегінде пікір алмасты. Шараның өтуіне кәсіпкер Талғат Сақан ұйытқы болған. Ол қолынан іс келетін азаматтарды "5 мың ауыл - 5 мың кәсіпкер" жобасына атсалысуға үндеді. Яғни 5 мың кәсіпкер осынша елді мекенді көркейтуге кіріссе екен дейді. Нәтижесінде ауыл гүлденеді. Ел өркендейді. Бұл бастаманы кезінде Жақсылық Үшкемпіров көтеріп, өз ауылына жасаған істерімен көпке үлгі болған. Кездесуде кәсіпкерлер тәжірибемен бөлісіп, бизнесті енді бастап жатқандарға бағыт-бағдар сілтеді. Туған жеріне жасап жатқан шаруасын тілге тиек етті. Олардың айтуынша, «Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді». Сондықтан бизнес иелері өздерінің туған ауылын ұмытпай пайдасын тигізіп, ел мен жерге қызмет етуі керек, деп санайды.
Талғат Сақан, кәсіпкер:
- Ең бастысы, кәсіпкерлік насихатталуы керек. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың 5 мың ауыл әр ауылдан 5 мың кәсіпкер шығып көтеріп жіберейік дегені тікелей ұран ретінде қабылдап біздің билік өкілдерін және қарапайым халықты біріктіретін жоба ретінде болды. Нақты нәтижелер бар. Мен өзім Алматы қаласында Бесағашта тағы да Жақсылық Үшкемпіров атамыздың атына үлкен спорт кешені ашылғалы жатыр.