Агросекторда айтарлықтай өсім бар

Үкіметтің дерегінше, ел экономикасының негізгі көзі саналатын агросекторда өсім бар.

Агро өнеркәсіптік кешенін қолдау, азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, инвестициялық жобалар тарту бойынша стратегиялық жоспарлар жүйелі жүзеге асты.

Мәселен, биыл азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9 пайызға өссе, мал шаруашылығында өнім өндіру 3,3 пайызға артты. Қосалқы шаруашылықтар мен фермер қожалықтарын біріктіретін 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. 207 инвестициялық жоба іске қосылды.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа инновациялық жобалар қарқын алды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуі тұрақталып, инфляция деңгейі 7,5%-ға жетті. Биыл ауа райы қолайсыздығын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет отандық шаруаларға қосымша қолдау көрсету мақсатында 1,2 трлн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Жалпы өнім көлемі – ₸ 8,2 трлн

Мал шаруашылығы – ₸3,8 трлн, (3,3 %-ға өсті)

Азық-түлік өнімдері – ₸2,9 трлн (1,9 %-ға өсті)

Жалпы құны ₸ 164,5 млрд болатын 207 инвестициялық жоба іске қосылды.

АӨК-ті дамыту мен қолдауға шамамен 1,2 трлн теңге бағытталды.

Оның ішінде:

АӨК-ті субсидиялауға – ₸500 млрд;

Жеңілдікпен несие беруге - ₸461,6 млрд;

65 тауарлы сүт фермасын салуға - ₸100 млрд;

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша несие беруге - ₸100 млрд

350 мың тонна бидайды тікелей сатып алуға – ₸ 31,3 млрд))

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 855 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Ал азық-түлік өнімдерін өндіруге 130 млрд теңге тартылды. Бұл өткен жылдан 9,5 пайызға көп. Шаруа қожалықтары үшін тегін және барлық мемлекеттік деректердің базасымен біріктірілген субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпарат жүйесі енгізілді. Шағын және орта шауа қожалықтары үшін субсидияларға қол жеткізу үшін күту парақтары енгізілді. "Ауыл аманаты" бағдарламасын да ауқымды іске асыру басталды.