Алматыда бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолы кесілді
Алматыда жыл басынан бері алты миллиард алты жүз миллион теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, «Сатып алудың біріңғай терезесі» порталына жүргізілген мониторинг барысында тауар мен қызмет құнының бағасы өте жоғары екендігі анықталған. Соңғы төртінші тоқсанның өзінде 2,5 млрд теңгеге жуық қаржыны заңсыз пайдалануға тосқауыл қойылды. Осылайша үнемделген қаражаттың көлемі биыл 6 млрд 500 млн теңгеден асқан. Бұл ақша халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Арман Рахимов, ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы:
- Превенция қызметінің жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес атқарылады.
Басты бағыт бюджет қаржысын талан-таражға салуға жол бермеу. «Сатып алудың біріңғай терезесі» порталына жасалатын мониторингтің артықшылығы ол қандай да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады. Яғни тараптар келісім-шартқа отырмай жатып, ақшасын төлемей тұрған кезде бағаның өте жоғары қойылғандығын анықтаса, конкурстың нәтижесін күтпей, сол лотты қайта қарау жөнінде хат жібереміз.