Өңделген жеміс пен көкөніс саудасы 71 млрд долларға жетті

ЕАЭО елдерімен сауда-саттық 74% өсті

Қазақстан Египетпен, Индонезиямен және БАӘ - мен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Қазақстанның ЕАЭО серіктестерімен өзара саудасы 7 жылда 74%-ке өсіп, 28 млрд долларға жетті. ЕАЭО елдерінің сатып алулары қолжетімді болу үшін 450 тауар бойынша өнеркәсіптік өңдеудің талаптары әзірленді, СТ-1 сертификатымен расталатын тауарлардың тізбесі кеңейтілді" деді министр. Бұл серіктес елдерге көлемі 100 млрд доллардан асатын тауар экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Министр алдағы уақытта тағы бірқатар мемлекетпен еркін сауда аймағы жөнінде келісім жасау жоспарымен бөлісті.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы шеңберінде мемлекет басшылары Иранмен еркін сауда туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бүгінде Сингапурмен осындай келісім жасалды. Ол мемлекетішілік рәсімдерден өтеді. Сонымен қатар Египетпен, Индонезиямен және БАӘ-мен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр".

Бүгінгі таңда Қазақстан Сербиямен, Вьетнаммен және шағын форматта Иранмен еркін сауда режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде Вьетнаммен тауар айналымы жеті жылда 2,5 есе, Иранмен үш жылда 38%-ке, Сербиямен келісім қолданыста болған жылы 3 есе өсті. 

Графика:

Еркін сауда аймағындағы тауар айналымы

Вьетнам 7 жылда $ 525,7 млн

Иран 3 жылда $ 521 млн

Сербия 1 жылда $ 73,8 млн 

Табиғи өнім өндірісі экономикалық тиімді бағыттардың бірі.

Сондықтан Қазақстан жеміс-жидек өңдеуге бет бұру керек. Инвестиция бағытындағы сарапшылар осындай пікірде. Әлем халқы көкөніс пен жеміс-жидекке 71 миллиард долларға жұмсайды. Салауатты өмір салтын сақтау трендке айналды. Осы орайда табиғи таза өнімдерге сұраныс артып келеді. Сондықтан Қазақстан көкністер мен жеміс-жидек алқаптарын ұлғайтып, джем, тосап, кептірілген көкністерді шығара алады дейді Қазақ инвест өкілдері.

Сәуле Сабыр, "Kazakh Invest" ҰК" жобалар департаменті жетекшісінің орынбасары:

- Адамдардың тамақтану принципі өзгерді. Қазір көбі табиғи өнімдерді таңдайды. Сондықтан Қазақстан көкөніс пен жеміс-жидек өңдеуді дамыту керек. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, Таяу Шығыс, Қытай, Ресей, Еуропа нарығына шығу жолдарын ойластырып жатыр. Еліміздің жеміс-жидек алқаптарын ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Әрі қарай осы өнімнің өндірісін қолға алу әлеуеті де жоғары. Бұл секторға көңіл бөлу керек деп есептейміз.

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келісті

2024 жылдың басында ОПЕК+ келісіміне қатысушылар мұнай өндіру көлемін күніне 2 млн. баррельге қысқартады. Альянс мүшелері осындай келісімге келді. Қара алтын өндірісін Сауд Арабиясы тәулігіне 1 млн баррельге қысқарту туралы ерікті бастаманы ұзартты, ал Ресей тәулігіне 500 мың баррельге азайтуды жоспарлап отыр. Альянсқа қатысушы қалған елдер де өндіріс көлемін 1 миллион баррельге төмендетеді. Осы жаңалықтан кейін Brent маркалы мұнай бағасы бірден көтерілді. Бір баррелі 84 долларға жетіп, кейін қайта төмендеді. Қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 78 долларға дейін өсті. Бірақ Ангола өкілдері белгіленген квотамен келіспеді. Өйткені олар келер жілі өндірісті арттыруды көздеген. Осыны ескерген Bloomberg мұнай картельі ішінде бөлініс қаупі бар деп есептейді. The Goldman Sachs ОПЕК+ бұл шешімін әлемдік қорлар мен шикізаттың айтарлықтай өсуіне «уақытша жауап» ретінде сипаттады. Сарапшылар келер жылдың соңында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 93 доллар болады деген болжам жасады.