Қарабаев: Құрылысы созылып кеткен жобалар 2024 жылы толық іске қосылады
Биыл ел аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының жалпы көлемі 895 млн тонна болды.
Салаға тартылған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 1,8 трлн теңгеге дейін жетті.
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Алдағы үш жылда елде 1300 шақырымнан астам теміржол, 9 мың шақырым тас жол салынады.
Теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтау портында контейнерлік хаб құру, жүк тиеу жабдықтарын жаңарту жоспарда тұр. Биыл Ақтау портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен астық терминалы іске қосылды.
Әуе кемелеріне де басымдық берілді. 23 бағыт бойынша 13 елге рейс ашылды, тағы 3 жаңа жолаушылар терминалы салынып жатыр.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Осы жобалардың арқасында 856 шақырым жолды толығымен іске қостық. Және мыңнан астам шақырым жолмен жүру мүмкіндігін аштық. Барлық ауыспалы құрылысы созылып кеткен жобалар алдағы 2024 жылы толғымен іске қосылатын болады. Одан кейін 4700 шақырым болатын жаңа жобалардың құрылысы кезең-кезеңімен басталады.