Қазақстан-Қатар экспорт көлемі де, рейс саны да артып келеді

Қазақстан-Қатар экспорт көлемі де, рейс саны да артып келеді

Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев «Qatar Airways» әуе компаниясының Бас атқарушы директоры Бадр Мұхаммед Әл-Мирмен кездесті.

Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстардың нығаюын, сондай-ақ екі бағыттағы туристер ағынының кеңейіп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

«Qatar Airways» компаниясының бас атқарушы директоры осы айда Қатар әуе компаниясы Алматы-Доха бағыты бойынша тікелей рейстер санын аптасына 14 рейске дейін арттырғанын айтып, 2024 жылы Астана-Доха бағыты бойынша тікелей рейстер ашу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, сұхбат барысында әуе жүк тасымалының санын арттыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Елші жыл басынан бері өзара сауда көлемінің 2,8 есеге айтарлықтай өскенін атап өтті. Қазақстанның Катарға экспорты 59,3%-ға артып, 5,0 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 15,5%-ы Қатардағы ірі сауда желілерінде қолжетімді қазақстандық ет және ет өнімдерін қамтиды.

Сондай-ақ тараптар тікелей рейстер мен визасыз режимнің қамтамасыз етуіне байланысты туристер тарапынан Қазақстан мен Катарға баруға қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, А. Исағалиев келесі жылы Дохадан Астанаға тікелей әуе байланыстарының ашылуы Қазақстан-Катар қарым-қатынасының барлық ауқымын дамытуға, оның ішінде екі ел арасындағы іскерлік серіктестікті жандандыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.