«Жайықмұнай» компаниясынан 38 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды
Батыс Қазақстан облысындағы «Жайықмұнай» компаниясынан 38 миллиард теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.
Прокурорлық тексеру кезінде серіктестіктің осынша көлемдегі қаржыны мемлекет тарапынан өтелетін шығындар қатарына қосып қойғаны анықталды. Одан бөлек компанияның 9 жарым миллиард теңге салықты төлемегені, 725 миллион теңге көлеміндегі корпоративті табыс салығын аудармағаны да нақтыланды. Салық заңнамасын бұзғаны үшін компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллиард теңге айыппұл салынды.
Аслан Жаңатауов, БҚО прокуратурасының басқарма басшысы:
- Аталған шығындар консультативтік қызметтерді сатып алу есебінен пайда болған, алайда толық көлемінде дәлелденбеуіне байланысты аталған шығындардың салық комитетімен тиісті шешім қабылданды. Оларды есептен алып тастау туралы. Жайықмұнай компаниясы өздері мойындап есепті түзетуге байланысты шаралар қабылданды.