Түркістанның экономикалық әлеуеті артып келеді
Биыл Түркістан облысында рекордтық деңгейде, дәлірек айтқанда 3,3 миллион тонна көкөніс жиналды.
Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион теңгеден асты.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі хабаралады.
Аймақта сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі өсіп келеді.
Тоқыма өндірісі 160%-ға, кокс пен мұнай өнімдері 119%, басқа да металл емес минералды өнімдер 114% өсті, машина жасау және жиһаз өндірісі де оң нәтиже берді.
Жалпы өңдеу өнеркәсібінде 30 миллиард теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 11-і жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, 10 айда бизнеске 21 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие берілді.
Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен (48,3%), сауда-саттықпен (23,3%), туризммен (20,3%) және өнеркәсіппен (6%) айналысады.
Өңір экономикасының маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Жыл басынан бері салаға 88,5 миллиард теңге инвестициялар тартылды.