Туризм саласындағы серпіліс
Кәсіпкер боламын десеңіз, туризм бағытын таңдаңыз. Себебі, мемлекет құрылысқа жұмсаған қаржының 10 пайызын өтеп береді.
Биыл әкімдіктер 11 өтінімді қабылдап, шамамен 200 млн теңгені кәсіпкерлерге қайтарған. Одан бөлек, саяхатшылар тасымалына көлік алған бизнесмендерге де шығынның 25 пайызы өтеледі.
Мемлекеттік қолдау нәтижесінде салада серпіліс байқалады. Инфрақұрылым жайы да жақсарып келеді. Былтыр 27 миллиард теңгеге 28 жоба жасалса, биыл 85 жоба қолға алынды. Бұған 500 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды.