Смайылов: Биыл жылу-электр желілерін жаңғыртуға көп көңіл бөлінді
Биыл елдегі жылу орталықтары айтарлықтай жаңарды. Мемлекет құрылыс жұмыстарына 300 млрд теңгеден астам қаржы салған. Бұған меншік иелері де атсалысты.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов арнамызға берген берген сұхбатында коммуналдық саладағы мәселелерге тоқталды.
- Көптеген жыл бойы тарифтер жасанды түрде тежелді. Жылу, энергия, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілерін жөндеуге қаражат салынған жоқ. Сондықтан биыл бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық, — деді Премьер-министр.
Ол бұған дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға жеткілікті көңіл бөлінбегенін атап өтті.
- Мұндай жұмысты бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Жұмыс тұрақты негізде жүруі керек. Ол үшін біз арнайы “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын қабылдадық. Тозуды нормативтік деңгейге дейін төмендету үшін бұл жұмыстардың барлығы ең кемі 5-6 жыл бойы жүруі керек. Жағдай біртіндеп түзеледі – деді ол.