Түркияда қазақстандықтардың іскер қауымдастығы құрылды

Анталияда қазақстандық іскер адамдар қауымдастығы құрылды.

Ұйым мақсаты - түрік еліндегі отандастарымыздың басын қосып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне қолдау білдіру. Әсіресе қазақ тілін, мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрпын насихаттауға баса мән берілмек. Ұйымның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қауымдастық президенті Динара Мырзағалиева жаңа жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Мысалы жақын арада қазақ тілі мен Қазақстан тарихын тегін оқытатын курстар ашу көзделіп отыр. Іс-шараға Алания мен Ыстамбұлдағы қазақстандық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, Анталиядағы шетелдік қауымдастықтардың жетекшілері қатысты.