Қостанайдың Амангелді ауданында екі инвестжоба жүзеге асырылып жатыр
Қостанай облысы Аманкелді ауданының ауыл шаруашылығы саласында екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жергілікті кәсіпкерлердің бірі өз қаржысына Еділбай қой тұқымын өсіріп отыр. Биыл ол жайлауда үй салып, ескі базаларды қалпына келтірген. Қазір иелігінде бес жүз қойды, алдағы бір-екі жылда 10 мыңға жеткізуді көздейді. Екінші жоба аудан үшін бірегей, тың бастама. Үштоғай ауылдық округі аумағындағы 800 гектар егістік алқабына, суармалы технология енгізіледі. Мойылды өзенінен құбыр тартылып, жаңбыр-латқыш құрылғылар орнатылып жатыр. Ол жерде бидай, арпа егіледі. Жобаның жалпы құны бір миллиард тенгеге жуық.
Арман Саржанов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Шаруа қожалығы көктем мезгіліне дейін барлық жаңбырлатқыш машиналарды қойып, көктемгі егістік жұмыстарында сол жерге дәнді дақылдар сеппекші. Осы 24-тің күзінде өзінің жемісін береді деп отыр. Бұл жерде енді жалпы тәжірибеде өнімді екі-үш есе жоғары көлемде береді деген жоспар бар.