Ең төменгі жалақы мөлшері артты
Бүгіннен бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өсті.
Осылайша биыл елдегі ең аз еңбекақы 85 мың теңге болды, яғни 15 мың теңгеге ұлғайып отыр. Ал айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге. Сондай-ақ зейнетақының ең төменгі көлемі 57 853 теңгеге жетті. Ал базалық зейнетақы төлемі - 28 215 теңге болды. Бұдан бөлек базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге болып бекітілді.
Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге (15 000 теңге)
Айлық есептік көрсеткіш - 3692 теңге (242 теңге)
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге (3 874 теңге)
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңге).