Үкіметте биылға арналған жұмыс жоспары қаралды

Үкімет Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындықты пысықтады.

Сондай-ақ биылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Алдағы міндет – Президент Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру. Экономиканың одан әрі өсімін қамтамасыз ету. Премьер-министр өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыруға назар аударды. Сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдауды нығайту, инфляцияны одан әрі төмендету мәселелері қаралды.