Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері артты.
Атап айтқанда, жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы 7%-ке, ал ынтымақты зейнетақы 9%-ке көтерілді.
Сонымен қатар баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы көлемі де ұлғайды. Ол 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін көбейді. Ал төртінші және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғайды.
Сондай-ақ көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі де жоғарылады. Мәселен 4 баласы барлар 59 183 теңге, ал 10 баласы бар отбасыларға мемлекеттен 147 680 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.