Жетісу облысы қыста жүгері орып жатыр
Жетісу облысының диқандары жүгеріге қыстың күні орақ салуға мәжбүр.
Себебі мың гектар алқап орылмай, қар астында қалған еді. Жиналған 100 мың тонна жүгері де қамбада шіри бастады. Алатын адам жоқ. Бағасы 3 есеге дейін арзандап кетті. Бұл көрші елдерден арзан өнім тасымалдаудың салдары. Мәселен, Көксу ауданы бойынша 23 гектар дақыл орылмай қалған. Қазан айында ауа райы қолайсыз болды. Сол себепті қыс ортасында алқапқа техника кіргізіп жатқан жайы бар. Былтыр жүгері қымбаттағанда жергілікті диқандар жаппай осы дақылды өсіруге көшкен еді. Облыс бойынша 60 мың гектарға жуық алқапқа тұқым себіліп, 400 мың тоннаға жуық өнім жиналған.
Асқар Өмірбеков, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Былтыр 130-120 теңге болатын. Осы поляның басынан 113 теңгеден алған былтыр. Биыл ондай баға жоқ. Кептіретін жер жоқ. Өткізетін жер жоқ. Сондықтан да біз қиналып жатырмыз да кішкене.
Нұрдәулет Кененбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Экспортқа шығарып жүрген мемлекеттер көрші мемлекеттен арзанға өзіне қажетті өнімдерін алып алды. Бұл нарық. Нарық болғаннан кейін оны қабылдау, сатып алу бағасы нарыққа байланысты болып жатыр.