Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нығаюда
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 10 айында 21 миллиард 4 миллион долларды құрады.
Әлемдегі жаһандық экономикалық өзгерістерге қарамастан екі ел арасындағы сауда-саттық артып, ынтымақтастық нығаюда. Мұндай пікірді ресейлік сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатын талдау барысында білдірді.
Александра Перминова, Орталық Азия зерттеулер орталығының сарапшысы:
- Біздің стратегиялық одақтастығымыз прагматикалық әрі достық қарым-қатынасқа негізделген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатта басты басымдығының бірі көрші елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту екенін атап өтті. Бұл жерде Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасын айтып тұрғаны белгілі. Біздің елдер арасында өте тығыз экономикалық байланыс орнаған.