Қостанайлық шаруалар майлы дақылдарын өткізе алмай отыр

Қостанайлық шаруалар биыл өндірген майлы дақылдарын өткізе алмай отыр.

Өйткені тым ылғалды. Норма бойынша бұл көрсеткіш 8 проценттен аспауы тиіс. Ал қазіргі кезде шемішкенің ылғалдылығы 25-30 процент денгейінде. Ал май зауыттары оны дұрыстап кептірілмесе, қабылдамайды. Сондықтан қазір шаруалардың қамбасы күнбағыс дәніне толы. Жақын арада оны кәдеге жаратпаса, қызып, шіріп кетуі мүмкін. Ірі элеваторлар майлы дақылдарды кептіріп, тазартуға дайын болмай шықты. Қазір өңірде екі элеватор ғана жұмыс істеп тұр. Олар бәрін өткізіп, үлгіре алмайды. Биыл облыс бойынша 160 мың гектарға күнбағыс егіліп, гектарынан 20 центнерге дейін өнім алынған. Алайда ауа райының құбылуынан есіл еңбек еш кеткелі тұр. «Майлы дақылдарды экспорттауға енгізілген баж салығы да жығылғанға жұдырық болды» –дейді шаруалар.

Марат Ахметов, "Қазақстан фермерлер қауымдастығы" Қостанай филиалының төрағасы:

- Шығыны көп. Өйткені мынау кептіргіштің өзі 2 мың тенгеден, 30-35 тенгеден, тіпті 40 мың тенгеге барады кептірудің өзі ғана. Оны мына қалаға жеткізу керек. Если әлгі шетелге шығаратын болсақ, 50 мың тенге тағы пошлина төлейтін болсақ, ар жағында бағадан ештеңе қалмайды.