Қазақстан мен Қытай өңірлік қойма салуы мүмкін
Қазақстан Қытаймен өңірлік қойма инфрақұрылымын салуы мүмкін.
Екі ел бұл мәселені жуырда талқылайды. Мұны үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Ақтөбе мен Ақтауда салынатын бонд қоймалары шетелдік тауарды жеткізу уақытын біраз қысқартады. «Электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы. 2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы дамыту үшін Қытай тарапымен бірлесіп, осындай жұмыстар атқарылады», - деді Шаққалиев.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын 60-тан 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.