СҚО бойынша «Ауыл аманатына» қатысушылар мемлекет қолдауын көрді
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасына 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.
200-ден астам адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Жергілікті халық егін мен мал шаруашылығын дамытуды жолға қойған. Сәйкесінше бағдарламаның игілігін көріп отырғандар осы салаға қаржыны көбірек құйыпты. Сондай-ақ бөлінген ақшаға жаңа техника мен жабдықтар сатып алған. Ал жалпы қаржының 400 миллионға жуығы Қызылжар ауданына тиесілі. Қазір мұнда «Ауыл аманатының» игілігін 45 кәсіпкер көріп отыр.
Сара Сатыбалдина, кәсіпкер:
- Мен жұмыртқаны жергілікті халыққа сатамын. Кейде өтінім бойынша қалаға да апарып жатамын. Мендегі бағаға келсек, бірінші санаттағы өнімді 550, ал таңдауға сәйкес келген өнім 570 теңге. Менің ойымша мұндай бағдарлама жүріп тұрғанда игілігін көру қажет. Оның кәсіпкерлерге берері мол. Мәселен, бұрын бір ғана жалақыға жұмыс істесек, қазір өзіміз 3-4 есеге көп пайда тауып жатырмыз. Себебі бағдарламаның шарттары тиімді. Бастысы ниет керек.