Дәнекерлеуші маман біраз уақыттан бері шәкірт таппай жүр
Елімізде құрылыс саласында да мамандар жетіспейді.
Мәселен, жиырма жылдық тәжірибесі бар дәнекерлеуші Асқар Біләлов бірнеше жылдан бері көмекші іздеп таппай жүр.
Саланы толық үйретіп, жақсы жалақы ұсынуға дайын. Бірақ жастарды қысқа мерзімді, жеңіл жұмыстар қызықтыратын көрінеді.
Осындай ойлап таптым, өзім. Мынаның үстінде аппарат тұрады. Мұнымен керек газ жүретін кұбыр жүреді.
Асқар Біләлов негізгі мамандығы дәнекерлеуші. Алғашында оған саланың қыр-сырын меңгеру оңай болмаған. Асқан төзімділік пен үйренуге деген ниеттің болуы маңызды дейді. Уақыт өте келе темірлерден түрлі өрнек жасап, құрылыс саласынан бөлек, қосымша тапсырыс қабылдауды бастаған. Өз салаңды жақсы меңгерсең, қаржыдан қысылмайсың дейді дәнекерлеуші.
Асқар Біләлов, дәнекерлеуші:
- Дәнекерлеу жұмысында әр дәнекерлеушінің арманы су құбырын сваркалау. Менде сол арман болды. Сол арманға жеткеннен кейін мен түсіндім ол менің мамандығым екенін. Әрі қарай дамып, отбасы болғаннан кейін бөлек өз-өзіме шықтым. Содан бері 20 жылдан асты. Осылай жүрмін. Тәуба, Аллаға шүкір. Қалада тұрамын. Енді жарты жолда тастап кетпеуі керек. Ойлаған істі бітіру керек. Адал болуы керек деймін.
Диана Қадыр, тілші:
- Менің қолымдағы бұл құрылғыны дәнекерлеушілер күнделікті қолданады. Маманның айтуынша, мұны 5 жыл бұрын сатып алған. Автоматтандырылған және жұмысты жеңілдетеді. Екі темірді қосып, бірден тегістеп өтуге мүмкіндік береді. Ал сапасы жоғары.
Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желіге салып, тапсырыс алушылардың санын арттырған. Дегенмен, жеке парақшасына қарасаң, үздік маман болып қалыптасуға үндейді. Тіпті жастар арасында қызығушылық танытатындар да табылады екен.
Дегенмен, көмектесуге келгенде, жұмыстың ауырлығына шыдай алмайтын көрінеді.
Асқар Біләлов, дәнекерлеуші:
- Енді Астана қаласында тұрғаннан кейін, құрылыс саласы көп қой. Бүкіл құрылыс саласында дәнекерлеуші өте керек. Бүкіл жерде жастар бармайды. Осы салада жүргенде бізде дизайн мамандығы жетіспейді. Техникалық жағынан. Мен тапсырыс берушіге барғанда мен барлығын біліп тұрамын. Бірақ техникалық жағынан ол кісі білмейді. Соны маған жеткізу қиын болады. Сол уақытта дизайн мамандығы керек. Сол кісі 3Д мен барлығын көрсеткен кезде ол түсінеді.
Дәнекерлеушілер үшін қызу жұмыс маусымнан басталып күздің соңғы айларына дейін жалғасады. Себебі жаңа ғимараттарды жылыту маусымына дайындайды. Қарқынды қарбаласпен қомақты қаржының көлемі көбейіп, айына 2 миллион теңгеден көп табатынын айтады.
Асқар Біләлов, дәнекерлеуші:
- Мысалға, мынандай қақпаларға еңбекақымыз 500 мыңнан жоғары басталады. Күрделігіне байланысты. 600-700 мың аралығында. Навестер шаршы метрі 60-70 мыңнан басталады. Қиындыққа, күрделігіне қарай. Темірлерді не Ресейден, не өзімізден шыққан Теміртаудікін аламыз. Соны пайдаланамыз. Кейбір осындай қақпаларды жалғыз өзім бір күннің ішінде, немесе екі күнні ішінде бітіре аламын.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Бұл мақал жастардың ұранына айналуы керек,- дейді Асқар Біләлов. Сонда өндіріс, мейлі құрылыс саласында болсын маман тапшылығы мәселесі азаяды.
Диана Қадыр, Қанат Махмұтов