Қазақстан жолдарында жаңа көлік көбейіп келеді
Қазақстан жолдарында жаңа көліктер көбейіп келеді.
Былтыр елімізде сатылған жаңа автокөлік саны 60 пайызға ұлғайған.
Былтыр 200 мыңға жуық су жаңа көлік өз иесін тапқан екен. Мамандар бұл рекордтық көрсеткіш дейді. Өсімге не әсер етіп отыр?
- Қазақстанның автокөлік одағының мәліметіне сүйенсек, бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Отандық зауыттардан шығатын көліктер саны да өскен. Алдағы уақытта айтып беремін.
150 мыңға жуық көлік құрастырылды
Былтыр еліміздегі жаңа автокөлік саны 60 пайызға өсті. Ең өтімді көліктер тізімінде Hyundai, Chevrolet, KIA, Chery мен Toyota көш бастап тұр. Ал жаңа көлік көп сатылған аймақтар арасында Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстары үздік бестіктен орын тепті.
Былтыр қазақстандықтар 200 мыңға жуық көлік сатып алды. Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінде көрсетілгендей, олардың арасында Hyundai маркалы 47 мыңға жуық автокөлік бар. Бұдан кейін орналасқан Chevrolet-ті 45 мыңнан астам адам тізгіндеді. Үшінші саты KIA-ға тиесілі. 25 мыңнан астам корейлік көлік өз иесін тапты. Ал, 12 мыңнан аса көлік сатқан Chery мен 10700 көлік өткізген Toyota 4, 5-орындарда тұр.
Сарапшылар қазақстандық нарық соңғы бес жылда үздіксіз өсіп келе жатқанын айтады. Олардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар.
ЦИТАТА
"Біріншіден, жыл санап еліміздегі өндіріс ошақтарының қуаты артып отыр. Екіншіден, халық санымен қатар табыс көлемі де өсіп келеді. Жаңа машина алатын адамдар саны көбейді қазір. Яғни, адам табысы артқан сайын мүмкіндіктері де кеңейеді. Мұның барлығы автомобиль нарығындағы сұраныстың артуына себеп болып отыр".
Артур Мискарян, сарапшы:
Жаңа автокөлік саудасы
198 686 автокөлік сатылды
өсім – 60,2 пайыз
Артур Мискарян бұған дейін автокөлік құны пандемия және геосаяси жағдайларға байланысты үздіксіз қымбаттап келгенін айтады. Себебі, логистикадағы, шикізат көзіндегі қиындықтарға байланысты тапшылық туындады. Ал былтырдан бастап нарықтағы ахуал тұрақтанған. Тіпті, былтыр елімізде темір тұлпардың орташа құны 350 мың теңгеге төмендеген. Бұған әрине, отандық автоөндірістің нығаюы да қолайлы әсер етті.
Былтыр елімізде 150 мыңға жуық көлік құрастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Сөйтіп, отандық автомобильдің үлесі 70 пайыздан асты. Қазір ең танымал он модельдің тоғызы өзіміздің зауыттарда құрастырылады.
ЦИТАТА
«Елдегі автоөндіріс саласы рекорд үстінен рекорд жаңартып жатыр. Салаға инвестиция тарту жүздеген жұмыс орнын ашуға түрткі болу арқылы еңбек нарығына оң әсер етіп қана қоймай, мемлекет бюджетіне түсетін ақша көлемін де ұлғайтты. Отандық өндіріске түсіп жатқан инвестициядан нақты нәтиже шығады, бұл Қазақстандағы автомобиль жасау саласының болашағына үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік береді».
Анар Мақашева, Қазақстанның Автокөлік одағының президенті:
Одақ президенті көлік саймандарын жеткізуге қатысты қиындықтар түбегейлі шешілді дейді. Ішкі нарық күтпеген сынақтан сүрінбей өтіп, өсе бастады. Былтыр бізде құрастырылатын көлік түрі көбейді. Бәсеке де артты. Мамандар биыл саладағы өсім 15 пайызға дейін баратынын болжап отыр.
Қазақстандық кәсіпорындардың күшеюі жұмыссыздықпен де күреске елеулі ықпал етеді. Мысалы, 2022 жылы бұл салада 5 мыңға жуық адам еңбек етсе, былтыр жұмысшы саны 6 мыңға жеткен.
Автокөлік өндірісі
148 885 көлік құрастырылды (+30,2%)
Жалпы құны – ₸1,65 трлн