Қазақстанда көлік өндірісі жанданды
Елдегі зауыттар былтыр 148 мың көлік құрастырды.
Бұл одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық екенін айттық жоғарыда. Үкімет бұл жоспарды алда тағы еселей түседі. 2020 жылы автомобиль шығаратын 2 жаңа зауыт пайдалануға берілгені белгілі. Олар: жеңіл көлік өндіретін Алматыдағы "Hyundai Trans Kazakhstan" зауыты, екіншісі Yutong, Howo, Scania брендтерінің автобустары мен жүк көліктерін шығаратын "QazTehna" кәсіпорны. Енді Chery, Haval және Changan қытай брендтерін өндіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan толық циклді зауыты салынып жатыр. Оның құрылысы келер жылдың І тоқсанында аяқталуға тиіс. Сондай-ақ сол уақытта Қостанайда жылына 70 мың Kia көлігін шығаратын зауыттың құрылысы тәмамдалады.