Алматы облысының Жамбыл ауданында жеті инвестжоба жүзеге асады
Алматы облысы Жамбыл ауданында 7 ірі инвестициялық жоба іске асады.
Оның ішінде екі құс фабрикасы, алтын өндіретін және қиыршық тас өңдейтін зауыт бар. Мал шаруашылығы дамыған өңірде минералды тыңайтқыштар және жем-шөп қоспаларын өңдейтін кәсіпорын салынады. Былтыр тігін фабрикасы іске қосылып, 300 адам жұмысқа орналасқан. Енді кәсіпорын екінші фабриканың құрылысын бастамақ. Жалпы 2027 жылға дейін осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Нұрлан Ертас, Жамбыл ауданының әкімі:
«Қажетті жер көлемі, жер телімдері бізге тиесі мәселелерді біз қазір уақытылы шешім келе жатырмыз. Қосымша егер жеке меншіктің жері болса сол кәсіпкерлер өздері тарапынан, өз қаржысы есебінен сатып та алып жатқан жағдайлар бар.