Қызылорда облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды

«АМАNАТ» партиясының әлеуметтік бағдарламасы аясында 8 мың адам қаржылық сауаттылығын арттырады.

Консультациялық көмек көрсету курсына несиелік борышы 90 күннен асқандар, құмар ойынында қарызға батқандар мен алаяқтарға алданған тұрғындар қатысып жатыр. Жобаға 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және микроқаржы ұйымдарының өкілдері тартылды. Мамандар соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу, берешекті өтеу кестесін әзірлеу және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді. Қатысушылар тығырықтан шығу жолдарымен қатар жеке кәсіп ашу шарттарын үйренеді. Бес күндік тегін дәріс аудандарда да өтеді.

Наталья Мишукова, «Қарызсыз қоғам» жобасының менеджері:

- Депозит, инвестициялық салым деген сияқты банктік өнімдермен таныстырып, нәтижесінде қарызын жауып бітсе қаржыны жинауды үйренсе деген нәтижені күтеміз. Әрі қарай мұғалімдер, студенттер, мектептің оқушыларына дейін оқыту жоспарлануда.