«Ауыл – ел бесігі»: Абай облысында 76 жоба жүзеге асырылып жатыр
Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 76 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұған ел қазынасынан 8,5 миллиард теңге қарастырылған болатын. Әсіресе шекара шебіндегі ауылдар мен бұрын аудан орталығы болған елді мекендерге ерекше көңіл бөлінуде. Республикалық бағдарлама аясында тозған жолдар жаңарып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мәселен, шалғайдағы Таскескен ауылында бір жылда бірнеше жоба қолға алынды. Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, 5 көшеге асфальт төселді. Қазіргі уақытта үлкен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 1000 шаршы метрге жуықтайтын нысан биыл қолданысқа беріледі.
Асхат Байбузов, мердігер компания өкілі:
- Мұның ішінде ертең волейбол ойнайды, мұның ішінде күрес болады, сосын сыртында минифутбол алаңымыз бар, жазғы мезгілде қолданатын. Бұл енді ауылдық жерге жақсы салынған, үлкен бір ғимарат деп ойлаймыз. Енді Таскескен ауылына салынып жатқан, өте жақсы қаралған, үлкен ғимарат.
Айдын Қожаев, Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі:
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасында жаңағы ауылға бізге көптеген қаражат бөлінген. 2023 жылы спорт кешенін салуға 568 миллион. Спорт кешенінің жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте ғана болды. Одан кейін жаңағы мәдениет үйінің ішінде спортзал болған. Сол жерде болды. Халықтың сұранысы бойынша, ауыл жастарының сұраныс бойынша спорт кешені биыл қолданысқа берілетін болса, әртүрлі спортттың түрлері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.