Зейнетақы қорындағы ақшамен өнеркәсіпті қаржыландыру ұсынылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері өнеркәсіп саласын қаржыландыруға бөлінеді.
Мұны Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Дегенмен, жауаптылар жинақтың сақталуын қамтамасыз етуі керек. Қажет болса, Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс, деді Президент. Жауаптылар бұл іске дайындықты бастап кеткен. Олардың айтуынша, қордан 1,5 трлн теңгеге дейін алынуы мүмкін. Бұл қаржы экономиканың инфрақұрылымын дамытуға, өңдеу өнеркәсібін серпілтуге жұмсалады.
Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
- Қазіргі уақытты екі үлкен холдинг бар. Бәйтерек және Самрұқ Қазына. Солардың инвестициялық жобаларын қарастырып жатырмыз. Яғни екі холдинг кредиттік сенімгерлік жағынан өте Ұлттық банк үшін сапалы қарыз алушы болып саналады. Сондықтан оларға салынған ақша нарықтық тарифпен қайтарылып отырады.